01.12.2019, 14:44

Қазақстанда ноутбук пен гаджет құрастырыла бастады

фото: dw.com
Телеарна таратқан  мәліметкен сенсек, ультрабуктің салмағы - 1,3 келі.

Петропавлдағы Киров зауытында жергілікті мамандар қытайлық әріптестерімен бірге гаджет, ноутбук шығаруды қолға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Петропавлда ноутбук шығарылады. Киров атындағы зауыт жыл басынан қытайлық компаниямен келіссөз жүргізіп, гаджеттерді құрастыруды қолға алған болатын. Жазда жергілікті инженерлер аспан асты еліне тәжірибе жинақтауға барса, енді шетелдік мамандар Петропавлға келді. Қос тарап бірлесіп, алғашқы 50 бірдей сынамалық ультрабук құрастырды», - деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының Муниципалдық телеарнасы Facebook-тегі парақшасында.

Телеарна таратқан  мәліметкен сенсек, ультрабуктің салмағы - 1,3 келі. Гаджет оқушылар мен студенттердің  сабақ оқу барысында пайдалы болмақ.

Айтпақшы, ультрабукті құрастыру барысында жергілікті кәсіпорынның логотипі пайдаланылған. Сондықтан, онда Киров зауытының атауы көрсетіледі.

 "Іске келген күннен бастап кірістік. Мұндағы мамандар кәсіби біліктіліктері жоғары. Айтқаныңды бірден қағып алады. Қайталаудың қажеті жоқ. Әрі ағылшын тілін де біледі.Түсіндіру барысында қиындық туындамады", - дейді қытайдан келіп, ультрабуктерді құрастыруды үйретіп жүрген Рэйна Хуанг.

 Бөлшектерді құрастырып, ультрабукті іске қосу үшін небәрі жарты сағаттай уақыт кетеді екен.