03.12.2019, 07:05

3 желтоқсанда еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: ҚазАқпарат
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

3 желтоқсан күні жағымсыз метеорологиялық жағдай Қазақстанның үш қаласында күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, дүйсенбі күні атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан, Павлодар және Өскемен қалаларында нашарлайды. 

Ал Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Атырау, Костанай, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Тараз және Оралда ауаның ластануы күтілмейді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.