Қарақия ауданында қуаттылығы 15 МВТ болатын жел электр стансасының құрылысы басталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
«Әлемде тұтынатын қуаттың 85 пайызы мұнай мен газ және көмір арқылы алынады. Балама энергия көзі мен жасыл экономикаға ауысу - болашақ талабы. Жел энергиясының келешегі зор, экологиялык таза, қоры саркылмайды, әрі арзан тиімді. Қыста тығыздық жоғары болғандыктан, желдің бірдей жылдамдығына қарамастан, жазбен салыстырғанда жел генераторы көп энергия береді», - жоба жетекшісі Ринат Хасбиулин.
Жобаны мердігер мекеме «ВЭС Сервис» ЖШС жүргізуде.