12.01.2016, 12:25

ҚР ҰҚК төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Осипов Марат Сапарұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды" делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, ҰҚК-ның басшылығы жуырда ғана ауысқан болатын. Ведомствоны ұзақ жылдар басқарған Нұртай Әбіқаевтың орнына бірінші орынбасар қызметін атқарып келген Владимир Жұмақанов тағайындалса, төрағаның бірінші орынбасары лауазымын Елбасының туыс інісі Самат Әбішев алды.