Алматы қаласының аудандық сотында кезекті фронт-офис ашылды. Бұл туралы Sn.kz хабарлайды.
Аталмыш іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.
Алматы қалалық сотының төрағасы міндетін атқарушы Бақытжан Қараманов Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотында фронт-офисін ашты.
Ашылу салтанатына судьялар, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысының м.а. Ержан Кожахметов, сондай-ақ, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.
Б.Қараманов өз сөзінде «соттың қызметі кез-келген басқа мемлекеттік орган сияқты ашық, тиімді және сапалы болуға тиіс, ол халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттырады»,- деді.
Фронт-офис екі негізгі бөліктен тұрады: ашық түстермен безендірілген, заманауи және жайлы жиһаздармен және кеңсе жабдықтарымен жабдықталған кең залда ақпараттық орталық, кіріс және шығыс кеңселер орналасқан.
Ақпараттық дүңгіршекте келушілер консультация ала алады, онда сот маманы келушілердің келу мақсатын біліп, бекітілген медиаторларға, адвокаттар мен соттың басқа мамандарына дұрыс сілтеме жасай отырып көмек көрсетеді. Жеке кабинетте медиаторлар азаматтарға заңгерлік қызметтердің толық спектрін ұсынады. Келушілер үшін ыңғайлы күту залы, медиатор кабинеті және психологиялық қолдау орталығы бар.