$ 514.65  544.6  5.17

Ақтөбеде әлеуметтік желі арқылы танысып, қыз алып қашқандар ұсталды

Оқиға 2 желтоқсан күні болған.
Фото: Inbusiness.kz
Фото: Inbusiness.kz

Ақтөбеде әлеуметтік желі арқылы танысып, қыз алып қашқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Оқиға 2 желтоқсан күні болған. Полицияға белгісіз біреудің кәмелет жасқа толмаған студентті алып қашқаны туралы хабарлама түсті. Колледж студенті мінген көлік Ақтөбе - Орал тасжолында тоқтатылып, екі жас жігіт пен жоғалған қыз полиция бөліміне жеткізілді. 

«Қыз әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысады, сөйлеседі. Полиция бөліміне жеткізілген студент қыз өз еркімен көлікке мінгенін, ешкім ұрламағанын айтты. Анасы да еш шара қолданбай, күдіктілерді босатуды сұрап, арыз жазды. Бірақ инспектор Досым Болатовтың күдігі сейілмей, тергеуді жалғастырды. Жанына колледж оқытушысы мен психологты ертіп, студентпен кездесті. Ашық әңгіме кезінде қыз жігітпен танысқанын, кездесуге інісін ертіп шыққанын айтты. Жігіт ырықсыз көлікке отырғызып, алып қашқан. Сол кезде інісі анасына хабар беріп олар полициядан көмек сұрады. Тергеу кезінде көлік ішінде жігіттердің күш қолданғаны белгілі болды. Алайда қыз полицияны көріп, қорыққан. Қызға шындықты айтсаң інісі мен анасына зияны тиетінін айтып, сендіреді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Айта кетейік, күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 122-ші, яғни, «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бабымен іс қозғалып, тергеу басталды. aaa

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе