$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда тегін мұз айдындары жұмыс істейді (ВИДЕО)

Мұз арнайы салқындатқыш машиналардың көмегімен қалпын сақтап тұрмақ.
фото: sxodim.com
фото: sxodim.com

Алматыда тегін мұз айдындары ашылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматылықтар Тұңғыш Президент саябағында, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ пен Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында ашылған тегін мұз айдындарында болды. Мұз арнайы салқындатқыш машиналардың көмегімен қалпын сақтап тұрмақ. Сол себепті, Алматының құбылмалы ауа райы мұздың еріп кетуіне кедергі келтірмейді. Сырғанау алаңдары 10 наурызға дейін жұмыс істейтін болады. Мұз айдынында сағат 10:30-дан 23:00-ге дейін жалға беру пункттері жұмыс істейді», - деді Б. Сағынтаев.

Оның сөзіне сүйенсек, жақын арада Түрксіб ауданындағы «MART» сауда үйінің алдында тағы бір мұз айдыны ашылады. Сырғанау алаңдарының жалпы аумағы шамамен 12 мың шаршы метр болмақ. Бұл Медеу мұз айдынындағы мұздың бетіне қарағанда, 1,5 мың шаршы метрге артық екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары