$ 494.87  520.65  4.91

«Олимп» букмекерлік кеңсесіне тағы 145 миллиард теңге айыппұл салынды

Тексеріс Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментімен 5 ай бойы жүргізілді. Соңғы 5 жылда ойын бизнесі салығын дұрыс есептеу мәселесі қамтылды.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

"Олимп" букмекерлік кеңсесінен салық тексерісінің нәтижесінде 145 миллиард теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Алматы прокуратурасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алматы қаласы прокуратурасының талабы бойынша "Олимп" сауда белгісімен қызметін жүзеге асыратын "Олимп.kz" букмекерлік кеңсесі" ЖШС және "Alpha-bet" ЖШС қызметінде тақырыптық салықтық тексеру тағайындалды. Тексеріс Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментімен 5 ай бойы жүргізілді. Соңғы бес жылда ойын бизнесі салығын дұрыс есептеу мәселесі қамтылды.

"Букмекерлік кеңсесі" ЖШС өсімпұл мен айыппұлдарды есепке ала отырып, салықтық тексеру нәтижелері бойынша "Олимп.kz" ЖШС-не – 62 миллиард теңге, ал "Alpha-bet" ЖШС-не – 83 миллиард теңге есептелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары