18.12.2019, 21:46

Тоқаев Нұрлан Ноғаевты энергетика министрі етіп тағайындады

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қанат Бозымбаев президенттің көмекшісі боп тағайындалған еді.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ноғаевты энергетика министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі. 

"Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырау облысының әкімі қызметінен босатылсын", - деп жазылған жарлықта. 

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қанат Бозымбаев президенттің көмекшісі боп тағайындалған еді.