$ 449.58  486.94  4.86

Елордадағы пәтерлердің бірінде шырша безендірудің соңы өртке ұласты

Яғни жергілікті құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге арнайы рейдтер жүргізеді.

Елордадағы пәтерлердің бірінде болған оқиға төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерін тік тұрғызып, қазірден бастап алдын алу шараларын ұйымдастыруға түрткі болды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Яғни жергілікті құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге арнайы рейдтер жүргізеді. Әсіресе, сатылымдағы пиротехникалық өнімдердің сапасы мен талапқа сәйкестігі тексерілмек. Егер заң бұзылған жағдайлар кездесіп жатса, тауар толық тәркіленіп, иесіне 45 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. 

Бағлан Қазбеков, әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы: 

– Бүкіл азаматты арнайы белгіленген жерлерде рұқсаты бар адамдардан сатып алуын сұраймыз. Сертификатталған заттарды ал деуіміздің себебі, ол бұйымдардың барлығы тексерістен өткен және қалай қолдану керектігі жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары