$ 448.15  483.46  4.86

20 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу

НҰР-СҰЛТАН 10.00 – ҚР парламенті сенатының жалпы отырысы (Сенаттың мәжіліс залы.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

20 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу. Сондай-ақ, 21-26 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз, деп жазады Sputniknews.kz.

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – ҚР парламенті сенатының жалпы отырысы (Сенаттың мәжіліс залы. Байланыс телефондары: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

10.00 - Christmas Fair Рождество жәрмеңкесі. Мерекелік жиынтықтар, жаңа жылдық үстелге тәттілер, үй әшекейлері, зергерлік бұйымдар, аң терілері және тағы басқа заттар ұсынылады. Көрме 5 күнге созылады: 20-24 желтоқсан ("Көрме" көрме орталығы. Достық көшесі, 3).

12:20 - Қарағанды облысының 2019 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баспасөз конференциясы. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек есеп береді (БАҚ өкілдерін аккредитациялау 55-93-47 телефоны  немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша жүргізіледі).

16.00 – Қазақ күресінен VIII Әлем чемпионатының ресми ашылуы. Оған 33 елден 300 спортшы қатысады ("Дәулет" спорт сарайы).

16.00 - "Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезеңінде өрт қауіпсіздік шараларын сақтау" тақырыбында брифинг өтеді. ҚР Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер сөз сөйлейді. Іс-шара аясында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану әдістері көрсетіледі (Мәңгілік Ел көшесі, 8, 2-кіреберіс. Байланыс телефондары: 600975, 602140, 8 777 115 38 84, электронды пошта - ps@emer.kz). 

19.00 - "Вечер в стиле HIT" концерті (Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттің академиялық музыкалық драма театры).

19.30 – Сергей Прокофьевтің музыкасына қойылған "Золушка" балет-ертегісінің тұсаукесері ("Астана Балет" театры).

АЛМАТЫ

10.00 – Іле-Алатауы паркіндегі ағаштарды шабу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтеді. Оған кез келген азамат қатыса алады. Жоба бойынша материал алғысы келетіндер alataupark@mail.ru және prir@almaty.gov.kz электронды пошталары арқылы хабарласа алады (Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Жандосова көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (727) 297 07 72, +7 (727) 297 07 74).

21 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – Музыкалық Афроцирк. Шара барысында Кенияның акробаттары өнер көрсетеді (Астаналық цирк, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 (7172) 24 40 60, 24 40 61).

АЛМАТЫ

12.00 - "Жаңа жылдық мозаика" музыкалық фестивалі ("Мега-Парк" ойын-сауық сауда орталығы. Байланыс телефоны: +7 707 622 24 12).

22 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 - QAZAQ MUSIC AWARDS республикалық сыйлығын табыстау салтанаты (Almaty Arena мұз сарайы).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

10.00 – "Мен жұлдыз" атты балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына арналған I республикалық конкурс. Байқау бірнеше жанрлық аталым бойынша өтеді. Олар: хореография, вокал, көркемсөз (Қарағанды, Теміржолшылардың мәдениет сарайы, Мәметова көшесі, 111. Байланыс телефоны: +7 775 909 67 65).

23 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – 3rd IoT форумы (Hilton Astana қонақ үйі, Сауран көшесі, 46).

АЛМАТЫ

19.00 – ресейлік әнші Валерий Леонтьевтың концерті өтеді (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

25 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – "Когда полетом стрел отмеривался путь. Золотой человек. Курган Иссык" тақырыбында Оксана Танскойдың лекциясы өтеді (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі).

26 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратова қоятын "Щелкунчик" балеті ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

27 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Вена симфониялық оркестрінің солисі Николай Орининскийдің концерті өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары