$ 494.87  520.65  4.91

300 аққалаға «террорлық» шабуыл жасаған студент ұсталды (ВИДЕО)

Сондай-ақ, полицияның мәліметінше, ол өзі қиратқан мүсіндерді қалпына келтіруге уәде берген.

Үш жүз аққаладан тұратын инсталляцияны қиратқан елордалық жоғары оқу орнының студенті болып шықты. Нұр-Сұлтан полицейлері вандалды ұстады, деп жазады Sputniknews.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 желтоқсанда 20 жастағы студент Ботаника бағындағы бірнеше аққаланы қиратқан.

"Қазіргі уақытта Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жас жігіт бұл әрекеті үшін өкінетінін айтып, қала тұрғындарынан кешірім сұрады. Сондай-ақ, полицияның мәліметінше, ол өзі қиратқан мүсіндерді қалпына келтіруге уәде берген.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жыл қарсаңында бой көтерген өнер нысандарына құрметпен қарауға шақырған болатын.

Аққалалар "әскері" таяуда үлкен мұз қалашығы ашылған Ботаника бағына орнатылды. Саябақ аумағында мұз айдыны, сырғанайтын төбешік, ашық аспан астындағы галерея, сондай-ақ, аязды күндері жылынуға арналған орындар ашылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#аққала