Таңқаларлық жағдайда 62 жастағы әйел он екі мүшесі сап-сау баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Егде жасқа келсе де өмірге бала әкелген ол, Қытайдың Хунань провинциясына қарасты Сянтань округінде босанған.
20 желтоқсан, жұма күні таңертеңгілік уақытта кесарь тілігі арқылы босанған Тань есімді әйелдің сәбиінің жағдайы жақсы. Ол - 2,95 келі.
Осыдан 6 жыл бұрын 31 жастағы ұлы қайтыс болған кезде ол кеш жүктілік туралы жоспар құрған екен. Тань қазіргі сәбиін жоспарлы түрде дүниеге әкеліп отыр. Ол күйеуімен бірге репродуктивті ем жүргізетін клиникаға барып қаралған. Сол арқылы қолдан ұрықтандыру процедурасын қабылдап, содан кейін жүкті болған. Таньның жүктілік кезеңі түрлі асқынулармен өтіпті.
Қазан айының аяғына қарай жиі іші ауыра бергендіктен, ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның денсаулығын жіті тексерудің нәтижесінде, аурудың бірнеше түрін анықтады. Мысалы, гестациялық диабет, полигидрамниоз және жүрек проблемаларының белгілерін анықтаған.
Таньды жергілікті тұрғындар отбасының бір жанға толығуымен құттықтауда. Тіпті, оған "Супер әйел" деген ат қойды. Әйтсе де, кейбір жандар қарт ананың балаға жеткілікті деңгейде тәрбие бере алатынына күмәнмен қарап, сенімсіздік танытып отыр.