$ 449.3  489.69  4.89

Эстонияда ресейліктер мінген автобус аударылды

Жол апаты бүгін таңертең Таллин-Нарва трассасының 30-шақырымында болды.
Фото: ria.ru
Фото: ria.ru

Эстонияда Санкт-Петербургтен Ригаға кетіп бара жатқан ресейліктер мінген автобус аударылды,-деп хабарлады baq.kz ақпарат порталы 78.ru телеарнасына сілтеме жасап.

Жол апаты бүгін таңертең Таллин-Нарва трассасының 30-шақырымында болды. 

Автобус салонында 65 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Жол апаты салдарынан 9 адам зардап шекті. Оның төртеуі Латвия азаматтары. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді, жағдайлары тұрақты. Қалған жолаушылар басқа автобус арқылы Ригаға жеткізілді. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты автобустың техникалық ақауы салдарынан болуы мүмкін. Автобус жүргізушісі сау болған. Алайда, көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кеткен. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары