Қостанай қаласында 32 жастағы ер адамды пышақтап тастаған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қаладағы Хәкімжанов көшесінде болған.
«23 жастағы әйел 32 жастағы ер адамды пышақтап тастаған. Күдіктінің мас күйде болғаны анықталды. Жәбірленуші аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - делінген полицияның ақпаратында.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.