$ 448.15  483.46  4.86

Bek Air басшыларының кімдер екені белгілі болды

Сондай ақ, министрлік «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңға сәйкес, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайтынын жазады.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері Ұлттық тізілімінің мәліметтеріне сәйкес, «BEK AIR» ЖШС 2011 жылдың 12 мамырында тіркелген. Басшысы Монахов Владимир Михайлович, құрылтайшысы Жаркимбаев Сәкен Тоқпайұлы болған. Ал 2017 жылдың 18 сәуірінде құрылтайшы Дамир Маратұлы Шүленбаев болып өзгеріп, компания қайта тіркеуден өтті.

«Үш рет басшының ауысуы тіркелді: 2013 жылғы 29 тамыз – Жұмасұлтанова Айгүл Файзуллақызы, 2016 жылғы 18 шілде – Жұмасұлтанова Дина Нұрланқызы, 2019 жылғы 25 сәуір – Бияхметов Рустам Ілиясұлы» делінген Әділет министрлігі таратқан баспасөз хабарламасында.

Сондай ақ, министрлік «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңға сәйкес, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайтынын жазады.

Дереккөз: Азаттық рухы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Bek Air