$ 514.65  544.6  5.17

«Есеңгіреп қалған» Bek Air өкілдері ұшақ апатына қатысты неге түсінік бермеген?

Мәселен, Р.Скляр: "Олардың БАҚ алдына шықпағаны іске жарамайды. Олар қаза тапқан жолаушылардың отбасына қандай көмек көрсетіліп жатқаны, ары қарай не істейтіндері туралы айтуы керек",- деген.
фото: time.kz
фото: time.kz

Халықтың назарын аударған ұшақ апатынан кейін көпшілік "Bek Air" неге үнсіз, халық алдына  шығып жағдайды неге түсіндірмейді?" деген сұрақтар әлеуметтік желілерде қарша бораған болатын. Осы үнсіздіктің себебін, апат болған алғашқы күндері неліктен үнсіздік танытқандықтарын  "Bek Air " әуекомпаниясының басшысы түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Мен бұрындары әуекомпаниясын басқарғанмын, енді қайтып келуге тура келді. Алғашқы күндері есеңгіреп қалдық, сол себепті екі күн бойы эфирге шықпадық. Оқиға орнында болдық, үйінділерді тазартуға көмектесіп, жауап бердік", - деді Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов апатты жағдайға байланысты өткізген арнайы конференцияда айтқан сөзінде.

 Естеріңізде болса, Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Алматы маңында болған ұшақ апатына қатысты "Bek Air" тарапынан түсіндірме, мәлімдеме болмағанына шүйліккен болатын.

 Мәселен, Р.Скляр: "Олардың БАҚ алдына шықпағаны іске жарамайды. Олар қаза тапқан жолаушылардың отбасына қандай көмек көрсетіліп жатқаны, ары қарай не істейтіндері туралы айтуы керек", - деген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ұшақ апаты