$ 446.49  475.38  4.79

Журналист Амандық Батырбековті Түркістан облыстық соты ақтап шықты

Еске салсақ, 23 қыркүйек күні Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты жергілікті «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбековты 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырған болатын.
Фото: azattyg.org
Фото: azattyg.org

Түркістан облысында сотталған журналисті сот ақтап шықты, деп хабарлайды «Азаттық радиосы».

Дереккөздің жазуынша, «Жала жабу» және «Қорлау» бабымен 2 жыл 3 айға сотталған журналист Амангелді Батырбековтің апелляциялық шағымын қараған Түркістан облыстық соты оны ақтап шықты.

Еске салсақ, 23 қыркүйек күні Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты жергілікті «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбековты 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырған болатын. 

Сот Батырбековты Қылмыстық кодекстің «жала жабу» және «қорлау» бабымен кінәлі деп үкім шығарған. Нақтырақ айтқанда Амангелді Батырбековтің әлеуметтік желіде жариялаған бірқатар жазбасына арнайы сараптама жасап, оның қорытындысы бойынша «жәбірленуші Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиевтің ар-намысына тиетін сөздер бар екені анықталған.

Амангелді Батырбеков сот үкімінен соң, темір торда отырып жазған хатын әлеуметтік желіге жүктегенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары