15.01.2020, 11:00

Елімізде 30 жыл бойы құлдықта жүрген азамат өз еліне қайтарылды (ВИДЕО)

Тағы 2 ай төлқұжаттың жасалуына кетті.

Қазақстанда отыз жыл бойы құл болып жұмыс істеген азамат Ресейге оралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Ресей азаматы Дмитрий Төменгі Новгород қаласында дүниеге келген. 90 жылдары Оралдың Каменск аймағына ағасына жұмыс іздеп барған. Ер азамат жұмыс іздеп біраз сандалған. Соңғы 11 жыл бойы Алматы облысында тұрып келіпті. Қолында тек Кеңес үкіметі кезінде берілген төлқұжаты болған. Оның еңбек құлдығынан шығуға қазақстандық азамат көмектесіпті. Ол Дмитрийді Қостанайға әкеп, әлеуметтік қор өкілдерінен көмек сұрапты. Дегенмен көп уақыт бойы Ресейде дүниеге келген ер адам сол елдің азаматтығын ала алмағандықтан туған жеріне орала алмапты. Ол өзінің түрі мен құжатын көрсетуге қорқып қалыпты, өйткені оның "қожайындары" оны тауып алады деп ойлаған. Тіпті Ресейге оралуға жол тартқан кездің өзінде Дмитрий камераға түсуден бас тартыпы. 

"РФ азаматтық беру үдерісін екі айға созып жіберді. Тағы 2 ай төлқұжаттың жасалуына кетті. Ол дайын болған кезде Дмитрий Нұр-Сұлтанға барып, оны өзі алып келді. 14 қаңтарда оны осы жерден тіркеуден өткіздік. Оның ертесі туыстарымен кездесу үшін Мәскеуге жол тартты", - дейді "Дамыту" қоғамдық қорының басшысы Нина Косюк. 

Тегтер: құлдық