$ 444.32  473.33  4.76

14 жастағы қыздың ішегінен бір уыс шаш пен ине шықты

Нәтижесінде, рентген анықтамасы қыздың ішегінде бөгде заттың бар екендігін көрсетті.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

14 жастағы мүгедек қызға операция жасаған Маңғыстау облысының дәрігерлері пациенттің іш құрылысынан бір уыс шаш пен ине алып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Азамат Сәрсенбаев деген кісі қыздың ішінен шыққан шаш пен рентген қорытындысының суретін facebook-тегі парақшасына жүктеген. Оған қоса, қызға қандай ота жасалынғанын жеткізді.

"15 қаңтар күні Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында шұғыл түрде ауыр ота жасалды. 14 жастағы ДЦП диагнозымен ауыратын мүгедек қызды ажалдан арашалап қалды. Қыз ауруханаға жеткізілген кезде ішегі түйіліп ауырған болатын. Ол қатты ауырып тұрғанын айтты. Сондықтан оны жедел түрде медициналық тексеруден өткіздік. Нәтижесінде, рентген анықтамасы қыздың ішегінде бөгде заттың бар екендігін көрсетті.

Дәрігер Отарғазиевтің шұғыл әрекеттерінің арқасында қыздың ішінен ине мен бір уыс шаш алынып тасталынды.
 Ота сәтті өтті. Дәрігерлердің сөзінше, қыздың жағдайы бірқалыпты, отадан кейін қиындықтар болмаған", - дейді фото мен жазба авторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары