$ 444.32  473.33  4.76

Атыраудағы кәріз құдығының жанына сәбиін тастаған «көкек ананың» кім екені анықталды

Баланың тағдырын кәмелетке толмаған балаларға арналған сот шешеді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Кәріз құдығының үстіне тасталған жаңа туған нәрестенің анасы бейнебақылау камералары арқылы табылды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы azh.kz басылымына сілтеме жасап.

21 жастағы Орал қаласының тұрғыны жаңа туған нәрестесін аязда далаға тастап кеткен.

Басылымның мәліметінше, ол өзінің қаласынан Атырауға жүктілігін жасыру үшін арнайы келген.

«Көкек ана бейнебақылау камераларының көмегімен табылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің «Қауіп-қатерге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Әйелге ҚР ҚК осы бабы бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе дәл осындай мөлшерде 120 сағатқа дейін қоғамдық қызметке тартылу жазасы тағайындалуы мүмкін. Болмаса, 45 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.

Баланың тағдырын кәмелетке толмаған балаларға арналған сот шешеді. Кішкентай қызды сәбилер үйіне жіберуі әбден мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда кәріз коллекторының маңынан нәресте табылғанын жазған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары