$ 448.56  478.03  4.79

Түркістан облысында өрт салдарынан 3000 құс өлді

Өрт 190 шаршы метрге шарпыған.
Фото: Sputnik / Александр Кондратюк
Фото: Sputnik / Александр Кондратюк

Түркістан облысында құс фабрикаларының бірінен өрт шығып, салдарынан үш мың құс өлді.

Оқиға жайлы хабарлама өрт сөндіру қызметінің пультіне 25 қаңтар күні сағат 7-де түсті, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өрт Төлеби ауданының Ақбастау ауылындағы "ШымкентҚұс" ЖШС құс фабрикасы аумағында болды. Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенде құс қамайтын күркелердің бірінде бетон едендегі сабан түріндегі төсеніштер өртеніп жатты", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер жалынды сағат 08:05-те сөндірді. Өрт 190 шаршы метрге шарпыған. Салдарынан үш мың балапан өлді. Қызыл жалынды сөндіруге 18 адам мен алты техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары