26.01.2020, 15:26

Тоқаев коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеуді тапсырды

Фото: Vesti.ru
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, республикада жаңа коронавирустық инфекция тіркелген жоқ. Жағдай ведомствоның бақылауында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың бұрын белгісіз нысанынан туындаған Қытай пневмониясының таралуына байланысты үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Мемлекет басшысы шара қолдану қажеттілігі туралы Twitter-дегі парақшасында мәлімдеме жасады.

"Үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды", - деп жазды Тоқаев.

Қытайдағы коронавирус

Уханьда шыққан белгісіз пневмония туралы 31 желтоқсанда белгілі болды. Сарапшылардың айтуынша, ауруды қоздырушы коронавирустың жаңа түрі - 2019-nCoV болды.

Денесінен бұл вирус табылғандардың барлығы дерлік теңіз тағамдарын тұтынған. Вирустың көзі – жыландар болуы мүмкін. Кейін вирустың адамнан адамға берілетіні белгілі болды. 

Ресей мен АҚШ өз азаматтарын Қытай Уханьнан шығаруды жоспарлап отыр Жұқтыру жағдайлары Қытайдан тыс жерлерде, атап айтқанда Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия мен Канадада тіркелген. Жексенбі күнгі жағдай бойынша, 26 қаңтарда Қытайда жаңа коронавирус құрбандарының саны 54 адамға жетті.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, республикада жаңа коронавирустық инфекция тіркелген жоқ. Жағдай ведомствоның бақылауында.

Бұл ретте азаматтарға ұсынылады:

* ҚХР-ға жол жүруден бас тарту; Ухань, Хуанган, Эчжоу, Чиби, Сяньбао, Циньизян, Чжидзя және Лигуан қалаларына жол жүруден бас тарту; Қытайда болған кезде немесе сол жерден келген кезде респираторлық ауруды көрсететін белгілер пайда болған жағдайда, уақытында немесе сапардан кейін саяхатшыларға медициналық көмек алу немесе өзінің емдеуші дәрігеріне инфекция таралу аймағында болу және сапар туралы хабарлау ұсынылады;

* жіті респираторлы жұқпалармен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынас жасамау қажет;

* ауру үй жануарларымен немесе жабайы жануарлармен тығыз байланыста болу;

* жіті респираторлық инфекция белгілері бар адамдар жөтелдің этикетін сақтауы тиіс.