Жарғанаттардың шабуылына байланысты Авустралияның Ингем тұрғындары үйден шығудан қорқып отыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Адамдар үйден шығып, мектепке балаларды жіберуге жүрексінеді.
«Тірі торнадо» эпицентріне жедел жәрдем тікұшағы келді. Аспанды тұтастай жарқанаттар басып, көрініс нашар болғандықтан, тікұшақ жерге қонуға мәжбүр болды.
Айта кеткен жөн, сүтқоректілердің бұл түрі қорғалған. Алайда, жергілікті шенеуніктер оларды жою керек деген пікірде, себебі олар тұрғындар мен фермерлерге қатты зиян келтіріп жатыр.
Қалалық кеңес өкілі Реймон Джайо "Аустралиядағы барлық жарғанат Ингемде жиналған сияқты" дейді.