Шымкентте арнайы жасақ өкілдері мен полицейлер Rixos қонақ үйі мен "Шымкентсыра" компаниясының ғимаратын қоршауға алып, есіктерін бекітіп тастады. Дегенмен, құқық қорғаушылар қандай күдіктіні ұстау үшін мұндай операция жүргізіп жатқандығын әзірге айтпай отыр.
TVK телеарнасының хабарлауынша, суық қаруланған арнайы жасақ өкілдері сыра зауытының қызметкерлерін сыртқа шығармай іште тексеріс жүргізуде. Операцияға жергілікті полицейлермен бірге көрші облыстардан да күштік құрылым шақырылған.
Сондай-ақ, аталған зауыт басшысының Шымкенттегі үйі де қоршауға алынған дейді куәгерлер.
Әзірге Rixos қонақ үйінде кімнің ұсталғандығы белгісіз. Қонақ үй басшылары нысанда жай ғана дайындық операциясының жүргізілгенін айтуда. Ал, ішкі істер департаментінің өкілдері ақпаратты кейін беретінін мәлімдеді.