Қарағанды облысында тасжолда екі жүк көлігі жеңіл көлікті қысып қалып, салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы қаза тапқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жол апаты Нұр-Сұлтан-Теміртау тасжолында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Foton көлігін екі жақтан келе жатқан жүк көлігі қысып қалған. Салдарынан екі адам қаза тапты - Foton жүргізушісі мен жолаушысы", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіндегілер жол апаты болған жерде 13 дана техниканың жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.