Оқиға 29 қаңтар күні орын алған. Қала көшелерінің бірінде көлігімен кетіп бара жатқан 30 жастағы жәбірленушіге көрші жолақпен қозғалған көлік жүргізушісі терезеден бірнеше рет тапаншамен оқ атқан деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары күдіктінің ізін суытпай ұстаған. Тергеу барысында белгілі болғандай, ол 34 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Мұндай әрекетке не үшін барғандығын айтқан жоқ. Белгілісі, жәбірленуші дін-аман. Ал, ұсталған азаматтың үстінен "Бұзақылық" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды. Айғақ зат ретінде тапанша мен оқ-дәрілер тәркіленіп алынған.