$ 494.87  520.65  4.91

ІІМ Қордайдағы қақтығыс туралы тың мәліметтер жариялады

11 қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы үкіметтегі брифингте ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik.

Бұған дейін Қордайдағы қақтығыстан кейін 90 қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.

"Қазіргі уақытта адам өлімі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу жүргізіп жатқан ведомствоаралық тергеу-жедел тобын Бас прокуратура басқарады. Өкінішке қарай, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің алдын ала қорытындысын, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған, қамауға алынған адамдардың санын айта алмаймын", - деді Әділов.

Тағы оқи отырыңыз:  «Үшінші жақтың қатысы бар»: Қордайдағы қақтығыстың артында кім тұрғаны айтылды

Түймебаевқа тапсырма: дүңгендер қазақша үйреніп, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауы тиіс

«Ақпарат бұрмалануда» - соққыға жығылған ақсақалдың жары

«Ассамблеяны тарату керек!»: ҰҚСК мүшесі ұлтаралық мәселеге үн қоспайтын ұйымның болғанына қарсы

Ол қамауда отырғандардың және күдікке ілінгендердің бар екенін растады. Тергеу Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басқаруымен жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қордай #ІІМ