$ 514.65  544.6  5.17

ІІМ даулы ломбардты жарнамалаған жұлдыздардың жауапқа тартылатынын мәлімдеді

Оның айтуынша, эстрада жұлдыздары мен блогерлерден жауап алу жақын арада басталады.
Фото: ИНФОРМБИРЖА news
Фото: ИНФОРМБИРЖА news

Даулы ломбардтардың қызметін жарнамалаған Қазақстандағы танымал тұлғалардан полиция жауап алады. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қазақстан ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, эстрада жұлдыздары мен блогерлерден жауап алу жақын арада басталады.

Тағы оқи отырыңыз:

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ға сеніп, жарнама жасаған жұлдыздар халық алдында ақталып әлек (ФОТО, ВИДЕО)

«Қамап тастаса, ақшаны қайтара алмаймын»: «Гарант 24 Ломбард»-тың иесі шетелден ВИДЕОүндеу жолдады

«Гарант 24 ломбардты» жарнамалаған жұлдыздар да жазаға тартылуы тиіс» - журналист​​​​​​​

"Жарнама туралы заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Бірақ бұл жауапкершілікті де анықтау керек. Біздің шоу-бизнес, эстрада жұлдыздарымыз қылмыстық іс-әрекетті жарнамалай отырып, ақшаны алдап алу мақсатында құрылған қылмыстық ұйымдардың жұмысын жарнамалайтынын білуі тиіс", - деді Санжар Әділов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары