$ 514.65  544.6  5.17

Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынды

2020 жылдың 3 ақпанынан бастап Қытай азаматтарына виза беру тоқтатылды.
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді коронавирусқа байланысты Әзербайжан, Иран елдерінің азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынғанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады..

Сондай-ақ, министр қазақстандықтарға вирус қаупі жоғары елдерге бармауға кеңес берді. 

"Бүгінде Қытайдан 480 қазақстандық эвакуацияланды. Қытайға күнделікті авиарейстер, теміржол қозғалысы мен жолаушылар тасымалы тоқтатылды. 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап Қытай азаматтарына виза беру тоқтатылды. 5 наурыздан бастап Әзербайжан мен Иран елдеріне Қазақстанға кіруге тыйым салынады", - деді Тілеуберді үкімет отырысында. 

Ес еріңізде болса, әлемді дүрліктіріп жатқан короновирустың осыған дейін 5 елге тарағаны жайлы хабарланған. 

Тағы оқи отырыңыз: Қытай дәрігерлері коронавирустан қайтыс болған адамды сойып тастады

Қытай билігі коронавирус жұқтырғанын мойындағандарға ақша төлемек

«Бізде бар Балташ деген антивирус»: ақын Балтабек Нұрғалиев коронавирусқа қарсы дұға жазып шықты

Қытайлық мамандар Ухан қаласындағы теңіз, ет өнімдерінен алынған сынамаларды тексеріп, вирустың тарауына базарда сатылған жабайы аңдар мен жануарлардың  еті түрткі болуым мүмкін деген болжам жасаған еді. Ал  бұған дейін Иранда тұрғындар коронавирус жұқтырған науқастар бар деген аурухананы өртеп жібергені туралы хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары