$ 444.22  476.38  4.82

«Бізде бар Балташ деген антивирус»: ақын Балтабек Нұрғалиев коронавирусқа қарсы дұға жазып шықты

"Сақтансаң, сақтармын" деген бе еді?

Бұрынғы Президентті Құдайға теңеген жағымпаз ақын Балтабек Нұрғалиев коронавирусқа қарсы дұға жазып шықты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол жан тебірентерлік өлеңін Facebook-парақшасына жариялаған.

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДҰҒА

Коронавирус! Коронавирус!

Тарай көрмесін далама вирус!

Тарай көрмесін қалама вирус!

Тарай көрмесін ауаға вирус!

Еліме менің жолама, вирус!

Елімді менің тонама, вирус!

Көз тігіп бізге қарама, вирус!

Тарама деймін, тарама, вирус!

Қаратүнектен жаралған вирус,

Әлемге біртін таралған вирус.

Адалдың жауы, атың өшкір-ай,

Түбірің сенің арамнан, вирус!

Біреулер үшін пайдасың, вирус,

Біреулер үшін айласың, вирус.

Тоқтатсын Алла, жоқ қылсын мүлде,

Есімің қанат жаймасын, вирус!

Жақсылық күтсін, жақсылық алда,

Амандық берсін, амандық жанға!

Коронавирус кесірден сақта

Адамзат үшін тілеймін, Алла!

Балтабек Нұрғалиев өлеңін аяқтаған соң, аты жаман індеттің бізге келмейтініне сенімді. Өйткені 50-ге жуық елге тараған коронавирус Президенттің сарабдал саясатының арқасында Қазақстанға жоламайды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Ұлыдан ұлы болып ұл туады: Балтабек Нұрғалиев Бауыржан Байбектің «ұлылығына» тамсанып ода арнады

Балтабек Нұрғалиев өзінің «Абайдың да алдына шығып кеткеніне» аса сенімді

«Молю Бога! Процветай!»: атышулы одашы Балтабек Нұрғалиев Ресейге ән арнады (ВИДЕО)

«Сіз де Арыстанбек Мұхамедиұлымен мүдделес пе едіңіз?»: Балтабек Нұрғалиев министрге мінез танытты

"Сақтансаң, сақтармын" деген бе еді? Біздің еліміз медицинасы мықты ел ғой! Біздің Президентіміз коронавирустың біздің елге енбеуіне, кірмеуіне барлық жағдайды жасап отырғанына сенім кәміл!", - деп түйіндеді ол.

Желі белсенділері Балтабектің өлеңіне сүйсініп, тіпті ақындық шабыттары ашылып кеткенге ұқсайды. Басым көпшілігі өлеңдетіп жауап қатыпты. Солардың ішіндегі:

"Келмейді біздің елге коронавирус
Бізде бар Балташ деген антивирус", -деп жазған адамның пікірі көзге еріксіз түседі екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары