04.02.2016, 11:39

Зыряндағы өрт салдарынан бір отбасы қайтыс болды

Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Березовка ауылында орын алған. Өрт салдарынан үш адам қайтыс болды. Бұл туралы yk-news.kz жазады.

Зырян қаласы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ержан Өмірбаевтың сөзінше өрт кезінде үйдің 30 пайызы жанып кеткен. Сол күні 35 градустан төмен аяз болғандықтан түтін араласқан ауадан өрт сөндірушілердің көру мүмкіндігі мүлде төмен болған. Арнайы киімдермен құтқарушылар үйге кіргенде бәрі кеш еді. Үй иелері мен олардың 11 жасар балалары түтіннен тұншығып өлген. Мамандар сөзінше өртке қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған. Электр құрылғылары мен үйдің жылу жүйесі дұрыс жоспарланбаған екен.