$ 494.87  520.65  4.91

«Сот өтті»: агенттік Алтай Көлгіновтің отставкасына қатысты сұраққа жауап берді

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаровтың айтуынша, бірінші басшының жеке жауапкершілігіне қатысты заң өткен жылы 10 желтоқсанда күшіне енген болатын.
Фото: Sputnik Казахстан
Фото: Sputnik Казахстан

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің отставкасына қатысты сауалға түсініктеме берді. Бұған дейін Байқоңыр ауданының әкімі пара алғаны үшін ұсталған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаровтың айтуынша, бірінші басшының жеке жауапкершілігіне қатысты заң өткен жылы 10 желтоқсанда күшіне енген болатын. Ал Байқоңыр ауданының әкіміне қатысты қылмыстық іс қараша айында қозғалған. Сондықтан жаңа өзгерістер Алтай Көлгіновке қатысты емес. 

Тағы оқи отырыңыз:

«Ақырын жүріп, анық бас»: журналист Алтай Көлгіновті тосырқатып тастады (ВИДЕО)

«Алғысым зор»: Алтай Көлгінов отставкаға кете ме?

Көлгінов Тоқаевты «мұқатып» отыр ма, әлде, біреулерге арандап қалған ба?

"Байқоңыр ауданының әкімі бойынша сот өтті. Үкім де шығарылды. Бірақ оның заңға қайшы әрекеті қараша айында анықталған. Ол кезде бірінші басшының отставкаға кетуіне қатысты заң күшіне енген жоқ. Сондықтан осы талап астана әкіміне қатысты емес деп санаймыз", - деді Сапаров бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары