$ 494.87  520.65  4.91

«Әдейі босатып жатқан шығар!?»: Мұхтар Жәкішевтің бостандыққа шығатынын естігендер сот залында шулады (ВИДЕО)

Видеодан байқасаңыздар, көпшіліктің шулап кеткендіктен судья әйел сот шешімін аяғына дейін толық оқи алмай, тосырқап қалған.
Фото: Almaty.tv
Фото: Almaty.tv

Мұхтар Жәкішевті қолдауға жиналғандардың соттың өтінішті қанағаттандыру туралы шешіміне реакциясы түсірілген видео әлеуметтік желіде кең таралуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл видео Шарбат Қаржаубаева есімді желі қолданушысының тікелей эфирі барысында түсірілген. 

Естеріңізде бола, кеше Семей қалалық соты "Қазатомөнеркәсіп" АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті босату туралы шешім шығарған болатын. Осы орайда, оның шығатыны туралы сот үкімін естігенде залға жиналғандар шулап қоя берді. М.Жәкішовтың жанашырлары мен қолдаушылары залда қуаныштан айқайлап, эмоцияларын жасырмаған. 

Мұхтар Жәкішев сыбайлас жемқорлық айыбы бойынша 2009 жылдан бері 14 жыл түрмеде отырған еді. 3 наурызда оны мерзімінен бұрын босату жайлы өтінішті сот қанағаттандырды. Соның нәтижесінде, сот залына жиналғандар жақсы шешімді естіп, қатты қуанып, қолдарын жоғары көтеріп, алақайлап, залды басына көтерді. 

Видеодан байқасаңыздар, көпшіліктің шулап кеткендіктен судья әйел сот шешімін аяғына дейін толық оқи алмай, тосырқап қалған. Сол сәтте әлдебіреу халықтың назарын аудартып, "Тыныш, тынышталыңыздар, соңына дейін оқуға мүмкіндік беріңіздер!", - деп оларды сабырға шақырған.

Тағы оқи отырыңыздар:  «Диагнозын қоюға мүмкіндік жоқ»: Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығатын болды

 «Кімнің арқасында бостандыққа шыққанын айту қиын» - Мұхтар Жәкішевтің қызы

«Мұхтар Жәкішевтің босап шығуы - әділеттілікті талап еткен азаматтық қоғамның жеңісі» - Досым Сәтпаев

"Әдейі босатып жатқан шығар!? Халық көтеріліп жатыр. Сол үшін де босатып жатқан болар. Қуаныштымыз!", "Қаншама денсаулығын құртып... дегенмен де құтты болсын!", "Түрмеде Дулат сияқты өліп қалама деп сескенген болар. Жақсы жаналық", - деп видеоны көрген желі қолданушылары Мұхтар Жәкішовтың бостандыққа шыққанына қуанғандықтарын білдірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары