$ 498.34  519.72  4.85

«Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады» – Тоқаев

Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялағанына байланысты мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деді Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

 Президент мұнан бөлек, "Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз", - деп пікір жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары