$ 494.87  520.65  4.91

Тоғжанов Қазақстандағы Қарттар үйі карантинге жабылатынын айтты

Мәдени жиналыстар, түрлі конференциялар, семинарлар мен көрмелерге тыйым салынды.
Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz

Вице-премьер Ералы Тоғжанов коронавирустың Қазақстанға келуінің алдын алуға байланысты қандай жұмыстар жүзгізілетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоғжановтың айтуынша, дүниежүзінде "COVID-19" вирусын пандемия деп хабарлағанына байланысты 13 наурыздан бастап елімізде маңызды шектеулер жүзеге асады.

Осылайша ертеңнен бастап Қазақстанда көпшілік жиналатын барлық шараларға, оның ішінде топтасып қыдыру, спорттық және мәдени жиналыстар, түрлі конференциялар, семинарлар мен көрмелерге тыйым салынды.

Барлық білім беру және медициналық мекемелерде, сондай-ақ, халық көптеп жиналатын нысандарда санитарлық-дезинсекциялық тәртіп күшейтілген. Мұндай жерлерге халыққа қызмет көрсету орталықтары, қонақүйлер, вокзалдар, әуежайлар, базарлар, тамақ өнеркәсібі нысындары жатады.

Тоғжанов Қазақстандағы барша Қарттар үйі карантинге жабылатынын да қоса айтты, ондағы егде тартқандардың жақындары олармен бірнеше уақыт көлемінде көрісе алмайды.

Тағы оқи отырыңыз: «Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде білім алып жүрген қазақстандықтар елге оралады

Асхат Аймағамбетов балабақшалар жұмысы тоқтамайтынын айтты

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясына байланысты кеңес өткізді

«Соғысқа дайындалғандай болдық»: италиялық дәрігер короновирус жайлы жазбасымен елді елең еткізді

Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балалар арналған интернаттар мен кәмелет жасқа толмағандарға арналған сауықтыру орталықтарына бару да мүмкін болмайтынын мәлімдеді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары