$ 524.65  552.19  5.14

Атыраулық дизайнер оюлы бетперде тігуді бастады

Кешке дейін барлық тапсырысты тоқтатып қойып, кем дегенде 40 маска тігуді көздедік.

Атырауда еріктілер тұрмысы төмен отбасылар үшін ұлттық оюмен безендірілген медициналық маска тігуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл идеяны іске асырушы – «Assyl collection» ательесінің негізін қалаушы, сәнді киімдер дизайнері Асыл Дүзбаева.

«Дәріханалардағы маска тапшылығы туралы естіп, оны өзіміз тіксек деген ойға бекіндік. Біз барлық еріктілерді осындай іске атсалысуға шақырып, челлендж бастадық. Кешке дейін барлық тапсырысты тоқтатып қойып, кем дегенде 40 маска тігуді көздедік. Бұл –бірнеше қабаты бар, көп рет қолданылатын маска. Оны жуып, қайта қолдана беруге болады. Сондықтан, әдемі көрінуі үшін масканы ұлттық оюмен безендірудеміз» -деді Асыл Дүзбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары