19.03.2020, 11:15

Мұхтар Жәкішевтің бостандыққа шыққанын көрген жұрт шашу шашты (ВИДЕО)

Фото: zakon.kz
Видеодан "Мұхтар, жасасын!" деп қуанып, шулап тұрған адамдардың даусы естіледі.

3 наурызда Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығатыны белгілі болған еді. Осыған орай,  Мұхтар Жәкішов 19 наурызда Семей қаласындағы ОВ-156/144 қатаң режимдегі колониядан бостандыққа шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Естеріңізде болса, ол "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басшысы қызметін атқарған, 2009 жылы мамыр айында ұсталған еді. Содан жемқорлық үшін айыпталып, 14 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. 

Оның түрмеден шыққан кезінде бір топ адам жиналған, оны құттықтап жатқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралуда. 

 Видеодан "Мұхтар, жасасын!" деп қуанып, шулап тұрған адамдардың даусы естіледі. Ал, көпшіліктің шулағанын көрген бір адам "Тынышталыңыздаршы, бірауыз сөз айтсын!" деп олардың тыныштық сақтауға шақырды. 

Түзеу мекемесінен таңғы уақытта көлікпен шыққан Жәкішев белсенділерге алғыс айтты.  

Тағы оқи отырыңыз:  «Әдейі босатып жатқан шығар!?»: Мұхтар Жәкішевтің бостандыққа шығатынын естігендер сот залында шулады (ВИДЕО)

«Кімнің арқасында бостандыққа шыққанын айту қиын» - Мұхтар Жәкішевтің қызы

«Мұхтар Жәкішевтің босап шығуы - әділеттілікті талап еткен азаматтық қоғамның жеңісі» - Досым Сәтпаев

Өзінің түрмеден шығу сәтіне жиналғандарды көрген Мұхтар Жәкішов болса, "Құрметті ағайындар, бауырлар! Менімен бірге болып, қолдау көрсеткендеріңізге көп-көп рақмет! Сіздердің қолдауларыңыз мен және отбасым үшін өте маңызды. Осы кезге дейінгілердің бәрі артқа қалды деп үміттенемін. Көп-көп рақмет!", - деді жүзіне күлкі үйіріліп.