$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 52 адамға жетті

16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандардың саны 52 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, жалпы 52 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.  

16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады. Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді.

Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус