$ 494.87  520.65  4.91

«Індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды» - Тоқаев (ФОТО, ВИДЕО)

Үкімет қысқа мерзім ішінде азаматтарды бетпердемен және антисептиктермен қамтамасыз етуі тиіс.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Президент Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл жайлы президент әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

Орталық жағдайымен танысқан мемлекет басшысы әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетіне жайбарақат қарауға болмайтынын ескертті.

"Коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына бардым. Қысқа мерзімде құрылған Орталық қалыптасқан жағдайға мониторинг жасап, науқастарды анықтау және есепке алу үшін озық технологияны қолданады.

Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – халыққа шынайы ақпарат беру. Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желіде жалған мәліметтер таралып жатқан кезде бұл өте маңызды. Коронавирусқа қатысты барлық ресми ақпарат http://coronavirus2020.kz сайтында.

Екі негізгі қалада карантин режимін қатаң сақтау – баршамызға ортақ міндет. Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды. Қойылған талаптарды орындау қажет. Үкімет қысқа мерзім ішінде азаматтарды бетпердемен және антисептиктермен қамтамасыз етуі тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары