$ 498.34  519.72  4.85

Коронавирус қаупі жоғары аймақтар картасы Egov.kz сайтына бекітілді

Бір күннен соң қайта іске қосылды.
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

EGov.kz мемлекеттік қызметтер сайтында коронавирус қаупі жоғары аймақтар картасы пайда болды, деп хабарлады Sputniknews.kz.

Онда COVID-19 жағдайы тіркелген Қазақстанның қалалары белгіленген. Сілтемеге өту арқылы кез-келген қаладағы коронавирус жұқтырғандардың санын білуге болады.

Сондай-ақ, ол жерде вирус жұқтырған аймақтар қызыл түспен белгіленген, ал көк белгілер сол жұқтырған адаммен байланыста болған азаматты тіркеу орнын көрсетеді. Бұл жағдайда азаматтың өзі үйде немесе стационарлық карантинде бола алады.

Айта кетейік, онлайн-карта алғаш рет 22 наурызда электрондық үкімет веб-сайтында шықты. Кейінірек қолжетімсіз болып қалды. Бір күннен соң қайта іске қосылды. Алайда, карта бейнеленген скриншоттар әлеуметтік желілер арқылы тарай түсті. Кейбір мәліметтер дұрыс болмағандықтан, алыпқашпа әңгіме көбейді.

Көп ұзамай ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карта сайттан неге алынып тасталғанын түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, карта "түсінікті әрі нақты болуы үшін" қайта қарауға жіберілген.

Жаңартылған картаны мына жерден көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус