$ 498.34  519.72  4.85

«Абай-175»: Қызылордалық мәдениет үйлері мен клуб басшылары байқауға қатысты

Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар Абай өлеңдерін жатқа оқыса, келесі кезеңде қара сөздерін жатқа айтты.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қызылорда облысындағы Іңкәрдар ауылдық округінде «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты аудандық мәдениет үйлері мен клуб басшыларының арасындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті, - деп хабарлайды Sn.kz.

Аталған шараны ақынның шығармалары мен өлең құдіретінің асыл сөз маржандарын өнер адамдары арқылы жастардың бойына сіңіру, шығармашылығын ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеу мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және Іңкәрдария ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен ауылдық клуб үйі ұйымдастырған.

Алғы сөзде Іңкәрдария ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Думан Бейсенов биылғы жылдың ерекшелігіне тоқталып, ақынның 175 жылдық мерейтойы ел үшін айтулы қуаныш екенін жеткізді. Халық ақынының шығармаларынан жұртшылық рухани азық алатынын айтып, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар Абай өлеңдерін жатқа оқыса, келесі кезеңде қара сөздерін жатқа айтты. 

Екі кезең қорытындысында Асқар Тоқмағамбетов ауылдық клуб үйінің басшысы Әсел Ибраева жүлделі бірінші орынды иеленді. Жүлделі екінші орынды Аманкелді ауылдық мәдениет үйінің басшысы Жұмағазы Оразов пен Шаған ауылдық мәдениет үйінің басшысы Ербол Медет алса, үшінші орынды Жетікөл ауылдық клуб үйінің басшысы Алмат Өтеуов, Қалтай Мұхамеджанов атындағы Шіркейлі ауылдық мәдениет үйінің басшысы Мақсұт Әбсадық және Сәкен Сейфуллин ауылдық клуб үйінің басшысы Нағипа Алданиязова өзара бөлісті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мәдениет үйі