$ 494.87  520.65  4.91

Ерасыл Әубәкіровтың ата-анасы мәлімдеме жасады

Ерасыл Әубәкіровтың ата-анасы марқұм болған ұлдары жоғалған кезде оны іздеуге көмектескен және осынау қиын уақытта қол ұшын созған барлық қазақстандықтарға алғысын білдірді деп жазады Tengrinews.kz. Олар Ерасылдың өліміне кінәлілердің міндетті түрде жазасын алатынына сенімді.

"Құрметті Қазақстан азаматтары. Басымызға түскен ауыр күндерде бізбен бірге болып, іздестіру жұмыстарына да көмектесіп, қайғымызға ортақтасқандарыңыз үшін басымызды иіп раxметімізді айтамыз. Ерасылдың бірінші сыныптан білім алған Өскемен қаласындағы № 44 мектеп-лицейі мұғалімдері мен директоры Т.Қ. Түменбаевқа, баламыздың сыныптас достарына, Астана қаласы медициналық қызметкерлері мен ұстаздар қауымына,студент достарына, Астана қаласының жастарына, Астана қалалық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің, Сарыарқа аудандық ішкі істер бөлімінің жедел іздестіру тобы бөлімдерінің тергеушілерінің жұмысына ризамыз. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстары аяғына дейін жеткізіп, баламыздың өліміне кінәлілер әділетті жазасын алатына сенеміз. Қазақстан xалқының біртұтас ел екендігін көріп отырмыз", - делінген аталған мәлімдемеде.

Естеріңізге салайық, 23 жастағы медуниверситет студенті 3 ақпан күні із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Келесі күннен бастап оның туыстары мен достары іздеу жұмыстарын жүргізуді бастаған. Алайда, араға бір апта салып полицейлер Астананың іргесінен Ерасылдың өлі денесін тапты. Сараптама марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың іздері бар екенін анықтады. Артынша бұл іске қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталса, олардың қатары күні кеше тағы бір адаммен толықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары