$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде 9 жастағы қызды зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты

Сотталған азаматтан жәбірленушінің пайдасына 5 миллион теңге моральдық зиян өндірілді.
Фото: news-r.ru
Фото: news-r.ru

Ақтөбеде 9 жастағы жеткіншек қызды зорлаған ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz, Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылдың 27 наурызындағы үкімімен Саржан Құрманов жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып күш қолданғаны, зорлағаны, сексуалдық сипаттағы зорлық іс-әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотпен 23 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған азаматтан жәбірленушінің пайдасына 5 миллион теңге моральдық зиян өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кеткені жайлы айтылған еді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары