Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді жақсы жаңалықпен қуантпақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Президент қазіргідей төтенше жағдай кезінде аянбай тер төгіп, еңбек етіп жүрген дәрігерлерді қаржылай қолдау керектігін айтты.
"Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Енді, қабылғандан шешім ертең 30 наурызда жарияланатын болады.