29.03.2020, 11:45

БҒМ балалардың қашықтан білім алуына мүмкіндік беретін платформалар тізімін жариялады

Фото: pixabay.com
Білім беру "Zoom" технологиясына негізделген.

Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналында COVID-19 вирусының таралуына байланысты карантин кезеңінде балалардың қашықтан қосымша білім алуына мүмкіндік беретін арнайы платформалар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

- Алматы қаласы Оқушылар сарайының бағдарламалары қашықтық форматында қол жетімді (инфо-сабақтар). Білім беру "Zoom" технологиясына негізделген. 

- Қазақстан Ұлттық кітапханасының Электрондық платформасынан көптеген шығармаларды, мақалаларды, газеттерді, журналдарды табуға болады. Сілтемесі http://kazneb.kz 

- Өздігінен қазақ тілін үйренуге арналған материалдар: https://t.me/qazaqtili_birge, https://t.me/qazaqtili_channel   - KazTub онлайн-кинотеатры тегін жұмыс істей бастады. 100-ден аса фильм қол жетімді, оның ішінде отандық фильмдер де бар. 20-дан астам мультсериал көрсететін Kaztube.balapan блогы да қосылды. 

- Coursera студенттерге 3800 онлайн-курс ашты. https://www.coursera.org/ 

- ҰБТ-ға, қорытынды аттестаттауға және ОЖСБ дайындалуға арналған онлайн-тренажер жұмыс істейді. Сілтемесі https://itest.kz/ru 

- "Филин" – иллюстрацияланған жануарлар энциклопедиясы. http://www.filin.vn.ua/index.html