$ 494.87  520.65  4.91

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстаның батысында, солтүстік-батысында және шығысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Республиканың қалған өңірлерінде күн ашық, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, елдің шығысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

 Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары