$ 444.32  473.33  4.76

Алматы облысының тұрғыны көмір ұрлап істі болды

Алматы облысына қарасты Үштөбе станциясының желілік полиция қызметкерлері пойыз вагонынан көмір ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.

Күдікті 26 қаңтар күні күдікті Ақбалық станциясына тоқтаған пойыздың вагонынан 7 тонна 200 келі көмірді өз көлігіне тиеп алып, оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Алайда, алысқа ұзамай тәртіп сақшыларының қолына түсті. Оның келтірген шығынын мамандар 68 500 теңгеге бағалап отыр. Ұсталған тұрғынның өзі болса қылмысты жасағанын толық мойындады.

Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК 188 бабы 2 тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары