Қазақстанда тағы тоғыз адам қауіпті вирус жұқтырды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
"30 наурыз сағат 11:10 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелді, Алматы қаласында - 3 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 3 адам", - делінген хабарламада. Республикада коронавирус жұқтырғандар саны 293 адамға жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы - 167 адам Алматы қаласында – 73 Қарағанды облысында - 7 Ақмола облысында - 9 Атырау облысы - 12 Жамбыл облысында -3 Шымкентте - 2 Шығыс Қазақстан облысында - 2 Алматы облысында - 6 Ақтөбе облысында - 2 Солтүстік Қазақстан облысында - 1 Павлодар облысында - 1 Маңғыстау облысында - 1 Қызылорда облысында - 5 Батыс Қазақстан облысында - 2.