2 сәуірде елордалықтар Қазақстанның әнұранын өз үйлерінің валкондарында тұрып шырқаған болатын. Олардың гимн айтқан сәті түсірілген видеолар түрлі әлеуметтік желілерде кең таралды. Осы орайда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әнұранды шырқаған қазақстандықтарға риза екендігін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының Әнұранымызды бірге орындауы - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық.
Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты Бәріміз Бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. #BizBirgemiz. We shall overcome", - деп жазды президент Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.